Жаңалықтар 21.07.2026 51

Шәкәрім университеті – үздік жұмыс берушілер қатарында!

Шәкәрім университеті – үздік жұмыс берушілер  қатарында!

Шәкәрім университеті қызметкерлерге қолайлы еңбек ортасын қалыптастыру және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын жүйелі түрде дамыту бағытындағы жұмысының нәтижесінде тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді.

Қазақстандағы жұмыс берушілердің әлеуметтік тұрақтылығын бағалайтын ең ірі зерттеулердің бірі – Paryz Bridge рейтингінің қорытындысы бойынша Шәкәрім университеті «Әлеуметтік сектор» санатында Қазақстан бойынша ІІ орынға ие болды.

Қазақстанның HR-менеджерлері қауымдастығы мен Paryz жұмыс берушілер конфедерациясы бірлесіп ұйымдастырған зерттеуге еліміздің 100-ден астам компаниясы мен 150 мыңнан астам қызметкері қатысқан.

Paryz Bridge рейтингі жұмыс берушілердің әлеуметтік тұрақтылығы мен корпоративтік мәдениетін кешенді бағалайды. Зерттеу барысында қызметкерлердің пікірлері, HR-процестердің тиімділігі, адам капиталын дамытуға бағытталған бастамалар және ұйымның әлеуметтік жауапкершілік көрсеткіштері ескеріледі.

Бұл нәтиже – университет ұжымының бірлескен еңбегінің, қызметкерлердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыру және заманауи HR тәжірибелерін енгізу бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың айқын көрінісі.

Шәкәрім университеті алдағы уақытта да адам капиталының дамуын басты басымдықтардың бірі ретінде қарастырып, қызметкерлер үшін қолайлы әрі тұрақты еңбек ортасын қалыптастыру жұмыстарын жалғастыра береді.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру